Марокко имамдары науқастардың жанын сақтап қалу үшін халықты донор болуға шақырды

Марокко имамдары науқастардың жанын сақтап қалу үшін халықты донор болуға шақырды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мароккода донор болушылардың өте аздығынан елді донор болуға жаппай үгіттеу науқаны басталды. Осылайша, имамдар мешітке келушілерге донорлық мақсатта отаға келісу Құранға еш қайшы еместігін уағыздайды, деп жазады ВВС. 

Мароккода жылына адам мүшелерін ауыстыру бойынша 20-30-дан аса ота ғана жасалады. Ал, ота жасатуға мұқтаж пациенттердің саны жеті мың адамға жуық, дейді донорлық кеңес беру тобының басшысы Бенюссеф Рамдани.

Корольдікте 34 миллионға жуық адам тұрады. Соның ішінде донор болуға келісім берген адамдар саны өте аз - 250 адамның бірі ғана донор болғысы келеді. 

Салыстаратын болсақ, Франциядағы әрбір төртінші азамат өз мүшесімен бөлісуге дайын, онда жылына шамамен 12 мың ота жасалады. Ондағы тұрғындар саны 67 миллион адамға жақындаған.

hibatulla.kz 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: