Aраб елдерінде 30-ға толмаған жастардың 30 пайызынан астамы жұмыссыз жүр. Бұл дүниежүзілік көрсеткішпен салыстырғанда 3 есе көп.
Қалыптастқан жағдайға көптеген араб мемлекеттеріндегі ішкі қақтығыстар басты себеп болып отыр. Кейбір елдерде 2011 жылы басталған қақтығыстар әлі де жалғасуда. Салдарынан жұмыссыздар көбейген, деп жазады trt.net.tr.
Халықаралық еңбек ұйымы жастардың жұмыссыздық мәселесі тұрақтылыққа қауіп төндіріп тұрғанын мәлімдеді. Дегенмен Араб мемлекеттерінде жұмыссыздардың қатары алдағы уақыттарда да артады деген болжам жасалуда. Бұл мемлекеттерге жеткілікті деңгейде инвестиция тартылмауы да жағдайды ушықтыруы әбден мүмкін.
hibatulla.kz