Бристольдағы Батыс Англия университетінің ғалымдар тобы профессор Филипп Дидрихспегтің басшылығымен көпжылдық бақылау мен зерттеу барысында әлеуметтік желі нәзік жандылардың өзін-өзі бағалауы мен сезіміне кері әсер ететінін анықтады, деп жазады Росбалт.
Әлеуметтік желіде журналдар оқып, жаңалықтар қарап, тұрақты уақыт өткізетін әйелдер мен бойжеткендер, мамандардың пікірінше, басқа әйелдерге қарағанда, табиғилығынан ажырап, жасандылыққа бейім болады. Себебі әйел өзінің келбетін әлеуметтік желілердегі басқа әйелдермен үнемі салыстырып отырады.
Бірінші кезекте, зерттеушілер мұны Facebook әлеуметтік желісіне қатысты деп санайды. Біраз уақыт аралығында желіні пайдаланатын әйелдер мен қыздарды бақылау барысында олар нәзік жандылар үшін сыртқы тартымдылық негізгі факторға айналғанын анықтады.
hibatulla.kz