ҚМДБ бір күндік жалақысын аударды...

ҚМДБ бір күндік жалақысын аударды...

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Қарағанды облысындағы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға бір күндік жалақысын аударды.

«Бауырларымыздың басына түскен ауыртпашылық – барша халқымызға, қоғамға ортақ мәселе. Қиналған пендеге көмектесу – мұсылмандығымыздың белгісі. Қазір Астана, Алматы, Қарағанды, өзге де облыстарда «Қайырымдылық керуені» атты акция жүріп жатыр. Қала, облыс мешіттерінде арнайы көмек жинау қоғамдық пункттері ашылды. Жамағат өз қалауымен тұрмыстық заттармен көмек беріп жатыр, азық-түлікпен де акциямызға үлес қосып жатқандар бар. Бүгін Алматыдан 20 тоннаны құрайтын жүк көлігі Қарағанды облысына жөнелтіледі. Оның ішінде тұрмысқа қажетті заттар, киім-кешектер бар. Діни басқарма бұдан бөлек бір күндік жалақысын аударды», – деді Бас мүфти Ержан Малғажыұлы журналистерге берген сұхбатында.

Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Пенденің уайымына ортақтасса, оның уайымы азаяды, ал қуанышына ортақтасса, оның қуанышы артады», – деген.

Алла Тағала елімізді, жерімізді тосыннан келетін түрлі табиғи апаттардан сақтағай!

 

muftyat.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: