Үстіміздегі жылдың 1-3 желтоқсан күндері аралығында Түркия астанасы Стамбул қаласында халал туризм бойынша дүниежүзілік конференция өтеді.
Іс-шараны Стамбул қаласында өтізуге көптеген мұсылман туристердің осы қаланы халал туризм стандартына сай деп таңдаулары себеп болып отыр.
Конференцияда болашақтағы халал индустриясының ғаламдық дамуы және осы саланың Еуропадағы рөлі туралы жан-жақты баяндалатын болады. Іс-шарағы 50 мемлекеттен келген мыңнан аса делегаттар қатысады.
Өткен жылы халал туризм трафигі көлемі бойынша Сауд Арабиясы бірінші орында, ал Түркия елі екінші орында тұрған болатын.
Әлемдік халал туризм айналымын сарапшылар 150 млрд АҚШ долларына бағалап отыр. Нарық талдаушылары бұл сома 5 жылдан кейін 200 млрд долларға жетеді деп болжауда.
hibatulla.kz
Сайт материалын қолданғанда сілтеме көрсетуіңіз міндетті