Қазақстан мен Түркия президенттері жаңа мешіттің ашылуында (ФОТО)

Қазақстан мен Түркия президенттері жаңа мешіттің ашылуында (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Түркістан қаласында ресми сапармен жүрген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев пен Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоған «Ахмет Яссауи» мешіттің ашылу салтанатына қатысты.

Сонымен қатар, айтулы шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлы мен Түркияның Дін істері басқармасының төрағасы Мехмет Гөрмез жаңа мешіттің ашылуына қатысып, жұма намазын оқыды. Игі шара барысында екі ел дін басылары Түркістан шаһарында бой көтерген 2 мың орындық жаңа мешітті аралап көрді.

Жалпы аумағы 2 гектарды алып жатқан мешіттің құрылысы Түркия Республикасы тарапынан қаржыландырылған. Құлшылық үйінің мұнарасының биіктігі 33 метрді құраса, күмбездің биікті - 31 метр. Алла үйінің сыйымдылығы 2 мың адам.

Кездесу барысында Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы мен Мехмет Гөрмез мырза бауырлас елдердің рухани саладағы қарым-қатынасы, Діни басқармалар арасындағы байланысты арттыру мәселелерін сөз етті.

muftyat.kz


ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: