Италияда алғашқы Ислам университеті ашылады

Италияда алғашқы Ислам университеті ашылады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Италияның оңтүстік қаласы Леччеде ірі ислам университеті тұрғызылмақшы. Бұл бастаманың қолға алған Confime жерорта теңізі кәсіпкерлері конфедерациясының президенті Гиампьеро Халед Палладин есімді мұсылман.

Паладанның айтуынша, аталмыш ислам университеті Лечче қаласындағы бейбітшілікті сақтаудың бірден бір көзі болып табылады. «Бұл жоба мұсылман үмметі және ислам діні жайлы жалған ақпараттарды, соқыр сенімдерді сейілтуге бағытталған» дейді кәсіпкер The Local газетіне берген сұхбатында. Ол сондай-ақ жобаның заңды түрде тіркеуден өтіп, ғимарат салынатын аумақтың да анықталғанын айтты.

Аталмыш жоба құрылысына университет, жатақхана, спорт кешені және мешіт ғимараты енгізілген. Ал, осындай ірі орталық құрылысына жұмсалар қаражат Катар және Кувейт араб елдерінен болмақ.

hibatulla.kz 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: