Жерорта теңізінде босқын мұсылмандар христиандарды өлтірді деп айыпталуда

Жерорта теңізінде босқын мұсылмандар христиандарды өлтірді деп айыпталуда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Италия полициясы Африкадан келген 15 мұсылман мигрантын қамауға алды. Олар 12 христианды өлтірді деп айыпталып отыр. 

Куәгерлердің айтуынша, екі тарап кемеде ерегісіп қалған. Салдарынан, Гана мен Нигерияның христиан мигранттарын мұсылмандар суға лақтырып жіберіпті. Алдын ала болжам бойынша, олардың ешқайсысы тірі қалмаған.

Құқық қорғаушылардың айтуынша, шағын су көлігінде барлығы 105 адам болған екен. Қамауға алынған 15 адамға діни тұрғыда кісі өлтірді деген айып тағылып отыр. Олар Гвинея, Мали, Кот-д'Ивуар және Сенегал елдерінің азаматтары. 

hibatulla.kz 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: