Атырау облысында екі жеткіншек терроризмді насихаттағаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айрылды.
“Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық кәмелетке толмағандар ісі сотының судьясы Ыдырысов Н.К. және Д.Г. есімді сотталушыларды Қылмыстық кодекстің (терроризмді немесе экстремизмді насихаттау немесе террорлық немесе экстремизм актісін жасауға ашықтан-ашық шақыру) қарастырылған қылмыстарды жасағаны үшін айыпты деп таныды”, – деп хабарлады Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі.
Осы ретте соттағылар Н.К. жалпы режімдегі түзету абақтысында, ал Д.Г. жалпы режімдегі тәртіптік абақтыда жазаларын өтейтіндігін атап өтті.
Хабарланып отырғандай, сотталушылар Шамдағы Ислам мемлекетінің құрылғаны туралы біле сала, сонда көшіп мұжаһидтердің қатарына қосылғылары келген, сондай-ақ әлеуметтік желіде жиһадқа шақыратын бейнероликтерін орналастырған. Үкім заңды күшіне енді.
Дереккөз: КазТАГ