Тәжікстанда жас мұсылмандардың қажылыққа баруына тыйым салынды

Тәжікстанда жас мұсылмандардың қажылыққа баруына тыйым салынды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тәжік мұсылмандарына киелі орын - Мекке мен Мединеге қажылыққа тек 35 жасқа жеткеннен кейін ғана баруына рұқсат етілетін болды, деп хабарлады сейсенбіде Тәжікстан үкіметі жанындағы Дін істері комитетінің баспасөз қызметінен.

 «Осылайша, 35 жастан асқан, ересек жасқа жеткен саналатын мұсылмандар ғана қажылықа бару мүмкіндігіне ие бола алады», делінген хабарламада.

«Мұндай шешім қабылдаудың мақсаты егде адамдардың қажылыққа бару туралы армандарын жүзеге асыруларына мүмкіндік беру болды», - деп түсіндірді ведомствода.

Комитет аясында жыл сайын Сауд Арабиясында орналасқан исламдық киелі орынға қажылыққа баруға тілек білдірушілердің тізімі жасалады. Корольдік елдегі мұсылмандардың жалпы санын есепке алып, мұсылман елдеріне белгілі бір мөлшерде квота бөледі.

Өткен жылы 8 мың тәжік қажылыққа барды, бұл республикада тұратын әр миллион тұрғынға шаққанда, бір мыңнан келеді. Алайда, киелі орынға халықтың тым көп жиналып, кептеліс салдарынан адам өлімінің жиілеп кетуіне байланысты биылғы жылы Сауд Арабиясы квота санын қысқартып отыр.

«Ағымдағы жылы Сауд Арабиясы Тәжікстанға 6,3 мың ғана квота берді», - деді комитеттен.

Бұдан бұрын Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон қажылықты соңғы жылдары сәнге айналдырған тәжік азаматтарын «соңғы ақшаларына, қарызданып немесе киелі орынға бірнеше рет сапар шегуді мақсат тұтқанша, кедейлерге көмек қолын созуға» шақырған болатын, деп жазады Интерфакс.

hibatulla.kz 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: