Бес жылдан кейін әлемде суда қалқып жүретін қала пайда болады

Бес жылдан кейін әлемде суда қалқып жүретін қала пайда болады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сан-Францискода орналасқан Американың Теңізге қоныстану институты 2020 жылы пайда болатын әлемдегі алғашқы суда салынатын қала құрылысын іске асыру үшін ең оңтайлы жоба байқауын жариялады.

Институт қызметкерлері нидерландтық девелоперлік фирмамен бірлесіп суда сәулет құрылысын салу халық тығыздығы мәселесін шешеді деген пікірге келді.

Байқау ұйымдастырушыларының басты шарттары: дауылдарға төтеп беретін тік бұрышты нысан платформасындағы құрылыстарды орналастыру болып табылады, әр жағының ені кемінде 50 метр болып, үйлер үш қабаттан аспауы тиіс. Ал қала азимут бойынша бағдарды еш кедергісіз өзгертуге болатындай етіп салынуы тиіс.

Әділқазылар мақұлдаған жоба осы жылы шілденің аяғында көрсетілмек, деп хабарлады Svopi порталы. Әлеуетті қатысушылардан алғашқы эскиздер түсіп жатқаны хабарланады.

hibatulla.kz 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: