«Ганди-Кинг-Икеда-2015» әлемдік бейбітшілік жүлдесі Ф.Гюленге берілді (ФОТО)

«Ганди-Кинг-Икеда-2015» әлемдік бейбітшілік жүлдесі Ф.Гюленге берілді (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Ганди-Кинг-Икеда» атындағы бейбітшілік жүлдесі әлемдік ең ірі жүлде биыл түрік ойшылы Фетуллаһ Гүленге табыс етілді, деп жазады «Zaman» газеті. 

Дәстүрлі жүлдені табыстауға арналған салтанатты жиын Морхаус университеті, Мартин Лютер Кинг орталығында жүздеген танымал академик пен тағы да басқа көптеген сыйлы қонақтардың қатысуымен өтті. Бұдан бұрын Десмонд Туту, Михаил Горбачев және Нельсон Мандела секілді әлемге танымал тұлғалар ие болған жүлде Фетуллаһ Гүленге табысталды. 

АҚШ-тың Атланта қаласында болған аталған жүлдені табыстау салтанатында сөз алған Мартин Лютер Кинг орталығының деканы, профессор Лауренс Картер, Фетуллаһ Гүленнің бейбітшілік жаршысы деген атқа лайық екенін және сондай жүлде табыс етілетінін айтты. 

«Бүгін бұл жүлдені дәстүрлі Ислам дінінің әлемге бейбіт түрде таралуына және 2001 жылы 11 Қыркүйекте Нью-Йорктегі Дүниежүзілік Сауда Орталығына жасалған лаңкестік әрекет соңынан «Washington Post» басылымына берген хабары арқылы әлемдік бейбітшіліктің орнауына зор үлес қосқан Фетуллаһ Гүленге табыстау - біз үшін үлкен мақтаныш», - деді ол. 

Естеріңізге сала кетейік, «Washington Post» басылымында жарияланған тарихи мәтінде Ф. Гүлен барша әлемге қаратып:«Мұсылманның терорист болуы мүмкін емес, террорист те мұсылман бола алмайды!» деген-тін.

hibatulla.kz 

null

null  

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: