Астероидты мұсылман қыздың атымен атауды мақұлдады

Астероидты мұсылман қыздың атымен атауды мақұлдады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

NASA астрономы 5 жыл бұрын табылған астероидты ең жас нобель сыйлығының иегері, пәкістандық мұсылман қыз Малалы Юсуфзайдың атымен атамақшы. Малалы Юсуфзай дүниежүзі әйелдерінің білім алуына жағдай жасауға бастама көтерген, пәкістандық құқық қорғаушы ретінде әлемге батыр әйелдердің бірі.

"Малалының керемет өмірдерегімен танысқаннан кейін астероидты соның атымен атауға лайықты жан екенін түсіндік" - дейді Калифорниядағы реактивті қозғалыс агенттігінің қызметкері Эми Майнца.

Осы уақытқа дейін көптеген астероидтар танымал әйелдердің атымен аталған. Бірақ, солардың ішінде этникалық азшылықты құрайтын топтан шыққан жандардың есімі аз болатын. Кезекті астероидқа мұсылман қыздың есімін беру туралы ұсыныс айтқанда әріптесі бірден қабыл еткендігін айтады Эми Майнц.

islam.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: