Йеменнен қауіпсіз жерге көшірілген Ресей және басқа елдердің азаматтары отырған үшінші ресейлік ұшақ сенбі күні Мәскеу облысының Чкаловский аэродромына қонды. Ресейліктерден басқа Мәскеуге Қазақстан, Армения, Беларусь, Йемен, Молдавия, Сирия, Өзбекстан және Украина азаматтары келді, деп хабарлайды ТАСС.
Ресейлік Ил-62 ұшағы жергілікті уақыт бойынша сағат 22:55-те қонды. Оның бортында Йеменнен онда басталған әскери қимылдар салдарынан кетуге мәжбүр болған 160-қа жуық адам болды. Соның арасында 31-і - балалар.
hibatulla.kz