Имам әкенің ең ауыр әрі қасіретке толы міндеті

Имам әкенің ең ауыр әрі қасіретке толы міндеті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Измирдің Каршыйака ауданындағы Бостанлы Бешикоғлы мешітінің имамы Адем Уранның кенже ұлы 31 жастағы Халит Уран кеше кешкісін өзін жайсыз сезініп, жекеменшік ауруханаға жүгінген.

Онда тамырдан дәрі қабылдап, ем-домы жасалғаннан кейін Халит үйіне босатылған. Үйіне оралғаннан кейін белгісіз себептермен тағы да жағдайы күрт нашарлаған. Жақындары тез арада жедел жәрдем қызметкерлерін шақыртады.

Жедел жәрдем көлігімен науқасты басқа бір жекеменшік ауруханаға апарар жолда жігіттің жүрегі тоқтап қалған. Дәрігерлер қолдарынан келгенін жасағанымен, оның өміріне араша бола алмады. «Халит шамамен 1 айдан соң алғаш рет әке атанар еді», - дейді қан жұтқан жары Ханде Уран.

Күні кеше ғана сау жүрген апталдай азаматтың аяқасты өлімі жанұясы мен туыстарын көз жастарының астында қалдырды. Жаназа намазын имам әкесі оқыды. Ұлының намазын шығарарған имам аяқта әзер тұрды. Бұл оның ең ауыр әрі қасіретке толы міндеті еді. 

 

hibatulla.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: