2050 жылы Еуропаның 10 пайызы мұсылман болады. 2070 жылға қарай жер бетіндегі мұсылмандар мен христиандар саны теңеседі. Ал 2100 жылы Жер бетіндегі адамдардың көпшілігі мұсылман болады.
Бұл туралы американың Pew зерттеу орталығының баяндамасында айтылған, деп жазады khabar.kz.
Жер бетінде әзірше христиандар саны басым. Дегенмен Pew болжамына сүйенсек, 2050 жылы христиандар саны 35%-ға артып, 2,92 млрд адамға жетеді. Ал мұсылмандар қауымы 73% артып, 2,76 млрд адамды құрайтын болады. Ол кезде Еуропада тұратын халықтың 10%-ы мұсылман болады.
«Атеистік көзқарастағы адамдардың саны алдағы 35 жыл ішінде айтарлықтай азаяды» делінген аталмыш баяндамада.
hibatulla.kz