Түркияның Хатай облысының Рейханлы ауданында Сирия мемлекеттік нөмірлі көліктің астында жарылғыш зат бар деген ақпармен полиция қызметкерлері мешіттің жанына келіп жетті.
Полиция қызметкерлері көшедегі адамдарды қауіпсіз жерге жіберіп, жолдарды жапты. Оқиға орнына келіп жеткен саперлер автокөлік астындағы бомбаны залалсыздандырды. Елдің лаңкестік әрекеттермен күрес басқармасы қазір бомбаны қалдырған адамның тұлғасын анықтау мақсатында іздестіру жұмыстарын бастады.
Қазіргі таңда аталған оқиғаға байланысты Түркияның Қауіпсіздік басқарма қызметкерлері осы жұмысқа жұмылдырылды.
hibatulla.kz