Мәдениет министрі ұлттық киім күнін енгізу идеясын қолдады

Мәдениет министрі ұлттық киім күнін енгізу идеясын қолдады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Елімізде жақында ұлттық киім күні мерекесі тойланып қалуы мүмкін. Себебі бұл бастаманы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қолдап отыр, дейді 7 арна.

Министр “тіпті бұл күні тек қазақтар ғана емес, Қазақстанда тұратын барлық этностар өз ұлттық киімін киіп жүрсе”, – дейді. Аталмыш күнді Наурыз мейрамын тойлайтын кезде атап өту қажет, оған президенттің жарлығы мен үкіметтің қаулысы керек емес деп санайды министр.

Естеріңізге салайық, бірер күн бұрын ғана тарихшы, жазушы Арман Нұрмағамбетов ұлттық киім күнін жариялауды ұсынған болатын. Ол сол күні барлық қазақстандықтар қазақтың ұлттың киімін киіп жүрсе, Қазақстанда туризмнің дамуына ерекше әсер етеді деп пікір білдірген еді.

Алайда тарихшы оны Наурыз мерекесінде емес сәуір, мамыр немесе қыркүйек айларының бірінде тойласақ деген ниетте.

hibatulla.kz 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: