Мұсылмандарға арналған киім тігетін әлемге белгілі Aab компаниясы Ұлыбритания астанасында өз бутигін ашты. Дүкен жұмысының бірінші күнінде Лондонның екі мыңнан астам тұрғыны келді.
Бутиктен хиджаб, абайи, джильбабы, сондай-ақ түрлі аксессуарлар (шаш қыстырғыштары, сөмкелер, әшекей бұйымдары) сатып алуға болады, деп жазды Росбалт.
Жібектен тігілген люкс класындағы хиджаб құны шамамен 40 фунтты ($60) құрайды.
2007 жылы ашылған компанияның креативті директоры Назмин Алим бренд өз коллекциясын заманауи мода негізінде жасайтынын айтты.
Сарапшылар Ұлыбританияда бұл киім нарығының бір жылдағы айналымын жүз миллион фунтқа ($147 млн) бағалап отыр.
hibatulla.kz