Нигерия сайлау комиссиясының хабарлауы бойынша генерал Мохаммаду Бухари (Muhammadu Buhari) президенттік сайлауда жеңіске жетті.
Мұсылман кандидат 15 424 921 дауыс жинаса, оның қарсыласы Гудлак Джонатан (Goodluck Jonathan) — 12 853 162 дауыс жинаған.
Айта кетерлігі, бұл сайлау Нигерия елінің тарихындағы алғашқы ерекше сайлау. Себебі, демократиялық сайлаудың арқасында елдегі билік оппозициялық бағытқа көшіп отыр.
Сайлау осы жылдың 28 наурызы күні өткен болатын.
Гудлак Джонатан жеңіске жеткен қарсыласы Мохаммаду Бухариді жеңісімен құттықтап, сайлаудың әділ өткенін айтты.
hibatulla.kz
Сайт материалын қолданғанда сілтеме көрсетуіңіз міндетті