АҚШ содырларға қарсы Араб лигасымен ортақ әскер құруды қолдады

АҚШ содырларға қарсы Араб лигасымен ортақ әскер құруды қолдады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

АҚШ қорғаныс министрі Эштон Картер Араб лигасы елдерінің “Ислам мемлекеті” ұйымы содырларымен және Йемендегі хусит шииттік көтерілісшілерімен күресу үшін біріккен әскер құру жоспарын қолдады, деп хабарлайды Азаттық. 

30 наурызда Нью-Йоркте сөйлеген Картер біріккен әскер құру жоспарын “игі іс” деп атады. Египеттің Шарм әл-Шейх қаласында 29 наурызда Араб лигасы елдері саммитінде жасалған келісім бойынша, Сауд Арабиясы, Египет пен оның одақтастары аймақта дағдарыс туатындай болса, жағдайға әскери жағынан араласады.

Біріккен әскер қалай құрылып, жұмыс істейтіні жайлы мәселелер келесі айда талқыланып, төрт ай ішінде ортақ армияға қатысты құжат толық дайындалып бітпек.

Сауд Арабиясы бастаған сүнниттік он мемлекет 26 наурыздан бері Йемендегі хусит көтерілісшілеріне қарсы әуеден соққы беріп келеді.

hibatulla.kz 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: