Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысы Астанада өтетін діни форумға қатыспақ

Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысы Астанада өтетін діни форумға қатыспақ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Арнайы уәкілі, Парламент Сенатының депутаты А.Мұсаханов Сауд Арабиясы Корольдігіне сапары барысында Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысы Абдалла әт-Түркимен кездесіп, оған алдағы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V съезіне шақыруды табыс етті. 

«Діни форум 2015 жылғы 10-11 маусымда Астана қаласында өтеді», - делінген ҚР парламенті Сенаты баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сенатор Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысына ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделі, үстіміздегі жылы Қазақстан халықтары Ассамблеясының құрылғанына 20 жыл толатыны жайында айта келіп, жүздесушіні діни көшбасшылардың төрт съездің нәтижелері мен алдағы Бесінші Съездің тақырыбы туралы хабардар етті.

Абдалла әт-Түрки Президент Н.Назарбевтың Діни көшбасшылар съезін шақыру туралы бастамасын жоғары бағалап, бүгінгі таңдағы халықаралық шиеленістер етек жайған шақта Қазақстан ынтымақ пен бірліктің, төзімділіктің озық үлгісін көрсетіп отырғанын атап өтті.

А.әт-Түрки Дүниежүзілік ислам лигасы алдағы V Съезд жұмысына белсенді қатысатынын айтты.

hibatulla.kz 

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: