Түркияда апат болып, халықтың жартысынан астамы электр жарығынсыз қалды (ФОТО)

Түркияда апат болып, халықтың жартысынан астамы электр жарығынсыз қалды (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Түркияда электр энергиясы өшіп, 81 провинцияның 44-і жарықсыз қалды. Түркия премьер-министрі Ахмет Давутоғлудың айтуынша, жарықтың өшуіне лаңкестік акт себеп болуы мүмкін.

Электр энергиясы Түркияның ең үлкен қалалары – Анкара мен Стамбұлда да өшкен. Алдын-ала тараған деректерге сүйенсек, Түркияның орталық электр таратушы компаниясында апат болған. Қазір Стамбұлда электр тогы болмағандықтан, метрополитен жұмысы жартылай тоқтатылған. Сонымен қатар, трамвайлар мен бағдаршамдар жұмыс істемей тұр.

Түркия Энергетика министрі Танер Йылдыздың айтуынша, соңғы 15 жыл ішінде ел тұрғындары бұлай жарықсыз қалып көрмеген. Қазір қордағы электр энергиясы таусылуға шақ тұр.

Айта кету керек, биылғы жылдың 27 наурызында Нидерланды астанасы мен Амстердам маңындағы миллионға тарта үй, кеңселер мен ауруханалар электр жарығынсыз қалған.

hibatulla.kz

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: