Сауд Арабиясы Ресей президенті Владимир Путинді екіжүзділік танытты деп айыптады.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, 29 наурызда Египеттің Шарм әл-Шейх қаласында өткен Араб лигасы елдері саммитінде Путиннің жолдауы оқылған. Бұдан соң Сауд Арабиясы сыртқы істер министрі, ханзада Сауд әл-Фейсал "Сирия президенті Башар Асадқа қолдау көрсетіп, тұрақсыздықты күшейте түскен Путиннің Таяу Шығысқа қолдау көрсетуі қажет емес" деген. Сауд әл-Фейсал "Путин тап бір Таяу Шығыстағы проблемаларға Ресейдің ықпалы жоқтай сөйлейді" деген.
Путин жолдауында "Біз араб елдерінің жарқын болашаққа және араб әлемі тап болған проблемаларды сырттан килігусіз бейбіт жолмен шешуге ұмтылысын қолдаймыз" делінген.
27 наурызда "Российская газета" басылымында Башар Асадтың Дамаск Сирия порттарында, оның ішінде Ресей әскери-теңіз флотының материалдық-техникалық пункті орналасқан Тартус портында Ресей әскерінің болғанын қалайтыны туралы айтқаны жарияланған.
hibatulla.kz