Ұзын сақалдың жазасы – 6 жыл түрме

Ұзын сақалдың жазасы – 6 жыл түрме

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қытай соты ұйғыр азаматын сақалын ұзын етіп өсіргені үшін 6 жылға бас бостандығынан айырды.

Сонымен қатар, оның әйелі қоғамдық орында орамал тартып жүргені үшін 2 жылға сотталды. Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының Қашғар қалалық округінде тұратын 38 жастағы азамат 2010 жылдан бастап сақал қоя бастаған.

Айта кету керек, Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында жақында ғана Ислам атын жамылған лаңкестік топтармен күресу мақсатында орамал не хиджап киюге тыйым салатын заң шығарылды. Сонымен бірге, өңір үкіметі 1 жылдан бері ер азаматтарға сақал қоюға тыйым салды.

ҚХР-дың солтүстік-батысында орналасқан автономиялық ауданда көбінесе ұйғыр ұлтының өкілдері тұрады. Осы ұлттан құралған экстремистік топтар көптен бері Шыңжаңға автономия берілуін талап етіп келеді.

hibatulla.kz 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: