Түркия елінен Қырым Мұсылмандары діни басқармасына қасиетті Құран Кәрімнің 6000 данасы сыйға берілді.
Кітаптар Түркияда тұрып жатқан қырым татарларының және түрік қайырымдылық қорларының қолдауымен жиналды.
Бұл игі бастама Түркияның Сейдишехир қаласында тұратын қырым татарлары Мәдениет және қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен жүзеге асырылып отыр.
Қасиетті кітап даналары Қырымдағы Құран курсы ашылған мешіттер мен медреселерге жеткізілмек.
hibatulla.kz
Сайт материалын қолданғанда сілтеме көрсетуіңіз міндетті