2015 жылдың 25-29 наурызы аралығында өткен Мәскеу Сән аптылығы аясында REZEDA SULEYMAN бренді өзінің жаңа «MOROCCO» топтамасын ұсынды.
Айта кетерлігі, аталмыш марканың иесі осы топтаманың әлемдегі барлық қыз-келіншектердің діні мен ұлтына қарап бөлместен, барлығының киюіне арналған ғажап үлгіде жасалғанын атап өтті.
Rezeda Suleyman брендінің осы жолғы жаңа топтамасында Марокко экзотикасы үлгісі қарастырылған. Марокколық ырғақта және ашық жарқын, қанық түстер топтаманың негізгі ерекшелігі болып отыр.
Топтамада брендтің дәстүріне сай марокколық шеберлердің қолынан шыққан ұзын көйлектер, сөмкелер бар.
hibatulla.kz
Сайт материалын қолданғанда сілтеме көрсетуіңіз міндетті