Apple компаниясының бас директоры Тим Кук колледжде оқитын 10 жасар жиенінің оқуын төлегеннен қалған бүкіл байлығын садақаға беретінін жариялады.
«Куктың айтуынша, ол ақшасын біртіндеп қайырымдылыққа тарата бастады. Алдағы уақытта ол бұл істі жүйелі түрде қолға алып, бүкіл байлығын тиімді түрде садақаға таратпақшы», - деп жазады АҚШ-тың жергілікті басылымдары.
Қазіргі кезде Куктың байлығы 120 млн долларға жуықтаған. Бұдан бөлек, ол жалпы құны 665 млн долларлық акцияның иегері.
Кук байлығының бір бөлігін қайырымдылыққа жұмсауға уәде еткен алғашқы миллионер емес. 2010 жылы америкалық миллиардерлер – Уоррен Баффет пен Билл Гейтс жаппай садақа беру науқанын бастап, оларға Майкл Блумберг, Джордж Лукас, Юрий Миллер, Дэвид Рокфеллер, Тед Тернер, Владимир Потанин, Ричард Брэнсон және Марк Цукерберг сынды әлемнің ең бай 150 адамы қосылған.
hibatulla.kz