700 жылдық тарихы бар Құран Кәрім көшірмелері қолды болды

700 жылдық тарихы бар Құран Кәрім көшірмелері қолды болды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Үндістанның Джайпур штатынан 160 шақырым қашықтықта орналасқан Раджастхан қаласында 700 жылдық тарихы бар қасиетті Құран Кәрімнің көшірмелері қолды болды.

Қасиетті кітаптың көшірмелері Раджастхан қаласының тұрғыны 55 жасар Джайдев Прасад Шарманың  (Jaidev Prasad Sharma) үйінен ұрланған. Оның айтуынша кітапты оған 2011 жылы жолдасы сыйға тартқан.

«Бұл Құран кітәбы ерекше болатын. Ішіндегі каллиграфиясы алтынмен безендіріліп, жақұт тастармен (көк немесе жасыл түсті асыл тас)  әшекейленген еді. Осы Құранды  қызыма мұрагерлікке беремін деген ниетте жүргенмін», - дейді Шарма.

Құқық қорғау органдарының өкілдері бұл Құран кітап көп жылдық тарихы  және асыл тастармен әшекейленген құндылығы үшін қолды болып отыр деген болжам жасауда.

Осы іске қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

hibatulla.kz

Сайт материалын қолданғанда сілтеме көрсетуіңіз міндетті 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: