#Тараз: Мешіт шәкірттерімен ашық сабақ өткізілді

#Тараз: Мешіт шәкірттерімен ашық сабақ өткізілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласы "Әл-Әділ" мешіті жанындағы діни сауат ашу курсының шәкірттері арасында намаздағы қысқа сүрелер мен дұғалардан ашық тәрбие сағаты өтті.

Іс-шараның мақсаты - жеткіншек ұрпақтың діни сауаттылығын арттыру әрі жастайынан намазға баулу, тіл сындырып, кәлимаға келтіріп, аят пен дұғаларды нақышына келтіріп оқуды үйрету болатын.

Ашық тәрбие сағатында сүре және дұғалармен қатар, әртүрлі ұлттық наным-сенім, үрдістеріміз де дәріптелді. Ұстаз шәкірттерге ақылын айтса, ата-аналар ұстазға алғысын жаудырып жиыннан тарқасты. Ұлағатты ұстаздар барда, инабатты шәкірттер қашанда болмақ.

"Әл-Әділ" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: