#Шу: Дін - насихат

#Шу: Дін - насихат

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Белбасар ауылы "Хати Сауранбай" мешітінің имамы Бақыт Серікұлы ауылдық спорт кешенінің қызметшілерімен кездесу өткізді.

"Діни толеранттылық - бейбітшілік кепілі" тақырыбын өзіне арқау еткен жүздесуде имам толеранттылық деген не, оның берер пайдасы мен қоғамдағы орны туралы мардымды насихат айтты. 

"Бүгінгі таңда Қазақстанда бірлігі мен ынтымағы жарасқан, мақсаты мен мұраты тоғысқан 120-дан астам ұлт пен 20-ға жуық конфессия өкілдері тату-тәтті ғұмыр кешіп жатыр. Бұл толерантты мемлекет екенімізді айғақтайтын бірден-бір көрсеткіш. Ұлтаралық татулық пен дінаралық толеранттылық – Қазақстандағы тұрақтылық пен дамудың басты кепілі болып қала бермек" - деп атап өтті имам өз сөзінде.

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: