#Байзақ: ОБЛЫС НАИБ ИМАМЫ АУДАНДЫҚ МЕШІТТЕ ЖҰМА НАМАЗЫН ӨТІЗДІ

#Байзақ: ОБЛЫС НАИБ ИМАМЫ АУДАНДЫҚ МЕШІТТЕ ЖҰМА НАМАЗЫН ӨТІЗДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінде «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Ғалымбек Төлегенұлы жұма намазын өткізді.

Жұма намазына жиналған жамағатқа Ғалымбек Төлегенұлы: «Қанағат» сөзі тілдік тұрғыда «өзіңе тиген үлеске разы болу» деген мағынаны білдіреді. Шариғи термин ретінде «қанағат» деп – адамның өзінде барына шүкірлік етіп, өзгенің мал-мүлкіне көз сүзбеу, тойымсыз әрі ашкөз болмауды айтамыз.

Қанағат – дүние және ақырет бақытының кілті. Алла Тағала қасиетті Құранның «Нахыл» сүресі, 97-аятында: «Кімде-кім ер не әйел болсын мүмин ретінде (салиқалы) игі іс істесе, әлбетте оны жақсы тіршілікте жасатамыз. Әрі оларға істеген істерінен жақсырақ сыйлық береміз», – деп айтқан. Аталмыш аяттағы: «жақсы тіршілікте жасатамыз» дегенді тәпсірші ғалымдарымыз: «ол адамның жүрегіне қанағат беріледі», – деп түсіндірген», - деді.

Уағыз соңында Ғалымбек Төлегенұлы «Һибатулла Тарази» медресе-колледжіне талапкер қабылданып жатқандығы, оқу орны толық жататын орынмен қамтамасыз етілгені және білікті де тәжірбиелі ұстаздардың сабақ беруі мен мемлекеттік үлгідегі дипломның берілетіндігі туралы әрі биылдан бастап студенттерге шәкіртақы берілетіні туралы айтып түсіндірді.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: