#Жамбыл: Аудан имамы жұма уағызын жүргізді

#Жамбыл: Аудан имамы жұма уағызын жүргізді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Жамбыл ауданы Қызылқайнар ауылы «Бейсеу ата» мешітінде ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы жұма намазын өткізді. Жамағатпен жүздескен ауданның бас имамы «риякерлік» яки, «рия» турасында уағыз айтып, жамағаттың сан сауалына жауап берді. Уағыз соңында бас имам жамағатты риякер болмауға үндеп, риядан аулақ болуға шақырды. 

Адамның атқарған ізгі амалын зая кетіріп, ақыретте өкінішке душар ететін жүрек дерттерінің бірі – риякерлік. Риякерлік деп Алланың ризалығы үшін деп атқарылуы керекті болған қандай да бір ізгі амалды адамдарға көрсетіп, олардың алғыс-рахметі мен мақтауына ие болу үшін жасауды айтады.

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: