#Қордай: Медресенің бір күні

#Қордай: Медресенің бір күні

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы мешіт шәкірттері «Медресенің бір күні» атты саяхат бағдарламасымен «Һибатулла Тарази» медресе-колледжіне зиярат етті. Қордай ауданы бас имамы жетекшілік еткен сапар балаларымыздың медресе ұстаздарымен танысып, өнегелі насихаттарын естумен жалғасты. 

Шәкірттер ұлағатты ұстаздарымыздың уағызынан соң Әулие ата шаһары аталатын Тараз қаласын аралады. Саяхат барысы қаладағы кітап пішімінде салынған сәулетті «Кеңесхан қажы» мешіті мен кезінде облыстағы жалғыз мешіт болған 1902 жылы салынған тарихи «Әулие ата» мешіттерінде Алланың үйлеріне сәлем мақсатында мешіт ақысы намазын оқып, имамдардың батасын алды.

Балаларды серіктіру мақсатында «Жеңіс» саябағында балмұздақтар таратылып, алтыбақан мен су жағасындағы қайықтарға отырды. Әткеншектер мен түрлі ойын-сауық құралдарында көңіл көтерді. Медреседе Құран жаттап жатқан қариларымызбен бірге Құран оқып, танысу мақсатында футболдан достық кездесу ұйымдастырылды.

«Шәкіртсіз ұстаз-тұл!» демекші Алла Тағала шәкірттеріміздің білімге деген құштарлығын күшейтсін!

                Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: