Ыстамбұлдағы Adımlar журналының редакциясында жарылыс болып, басылымның бір қызметкері қаза тапты, тағы үш адам жараланды, деп хабарлайды Bnews.kz.
Оқиға 25 наурыз күні кешкі сағат 19:45 шамасында ғимараттың үшінші қабатында болды. Тергеушілердің пайымдауынша, редакцияға жарылғыш зат қойылған.
Қазір полицейлер оқиға болған жерді қоршауға алып, тексеру жұмыстарын бастады. Жараланғандар ауруханаға жеткізілді.
Жергілікті басылымдардың хабарлауынша, Adımlar журналы «Ұлы Шығысты жаулап алушылар майданы» түрік радикалды ұйымымен байланысы бар. Басылым қызметкерлері бұған дейін ИСИМ содырларымен тығыз байланыста жұмыс істегені анықталған.