Йемен президенті елін тастап қашып кетті

Йемен президенті елін тастап қашып кетті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Йемендегі жағдай ушығып барады. Ел президенті шиіттік бүлікшілер мен хоуситтерден жасырынып, Аден қаласынан қашып кетті.

Сүнниттік ағымның өкілі Әбд Раббу Мансұр Хадидің қазір қайда екені белгісіз. Шиіттік бүлікшілер мемлекет басшысын ұстап әкелген адамға 100 мың доллар сыйақы тағайындаған.

Хоуситтер үкімет әскерінің "Әл-Анад" әуе базасын басып алып, ондағы барлық қару-жарақты түгелімен алып кеткен.

Естеріңізге сала кетейік, 22 наурызда хоуситтік бүлікшілер осы елдегі үшінші ірі қала – Таиді жаулап алған болатын. Олардың ендігі бағыты – Аден қаласы.

Йемен билігі БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінен басқа сыртқы елдердің әскери көмек беруін сұрап отыр.

"Біз сыртқы әскери күштердің шұғыл араласуын сұраймыз. Себебі конституциялық заңға ие үкіметтің басына күн туып тұр. Йемен халқы қан төгілгенін қаламайды", - дейді Йеменнің сыртқы істер министрі Рияд Ясин.

24.kz

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: