Йеменде мешіттерде лаңкестердің ұйымдастыруымен болған үш жарылыс салдарынан 30 адам қаза тапты. Бұл туралы Agence France-Presse хабарлады.
Бірінші жарылыс Сананың оңтүстігіндегі мешітте, келесі жарылыс мешітке келушілер сыртқа шығып жатқанда қоршаудың маңында болғаны аталып өтілді.
Үшінші жарылыс Сананың солтүстігінде орналасқан мешітте болған.
Осыған дейін Парсы шығанағының араб мемлекеттер ынтымақтастығының кеңесі Йемендегі дағдарыс мәселесі бойынша келіссөздер жүргізетіні туралы хабарланған.
hibatulla.kz