Алла сүймейтін 5 адам

Алла сүймейтін 5 адам

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

1. Алла нысапсыздарды, ысырапшылдарды сүймейді. «Ол сондай Алла аспалы және аспасыз бақшаларды, құрма ағаштарын, түрлі жемісті, өсімдіктерді, зәйтін және анарды бір-біріне ұқсаған, ұқсамаған түрде жаратқан. Әрбірі жеміс берген кезде, жемісінен жеңдер. Оны жиып алған күнде құшырын беріңдер; Ысырап етпеңдер. Күдіксіз Алла ысырап етушілерді жақсы көрмейді (6:141). 

«Әй адам балалары! Әрбір құлшылық орнында зейнеттеріңді алыңдар (киініңдер). Және жеңдер, ішіңдер де ысырап етпеңдер. Күдіксіз Алла ысырап етушілерді сүймейді» (7:31).                                                                                                                 

2. Алла ғайбатшыларды сүймейді. «Алла (Т.) жаман сөздің жарияланып сөйленуін жақсы көрмейді. Бірақ зұлымдыққа ұшыраған біреудікі басқа. Алла әр нәрсені естиді, біледі» (4:148).

3. Алла сенімсіз адамдарды сүймейді. Алла Тағала берген сөзінде тұрмайтын, антын орындамайтын және өздеріне сенген жандарды сатып кететіндерді сүймейді: «Өздеріне кесір істегендер үшін сөз таластырма. Өйткені; Алла, қаралықшыл күнәкарды жақсы көрмейді» (4:107). «Егер бір елдің опасыздығынан секем алсаң, тең түрде сен де (келісімді бұзып) өздеріне таста. Расында Алла, опасыздарды жақсы көрмейді» (8:58). «Күдіксіз Алла, иман келтіргендерді қорғайды. Әрине Алла, бүкіл қиянатшыл, қасарысқандарды жақсы көрмейді» (22:38).

4. Алла тәкаппарларды сүймейді. Жаратушы өздерін өзгелерден жоғары әрі жақсы санайтындарды және өзінің байлығын, лауазымын, мәртебесін  абырой көріп тәкаппарланып, мақтанатындарды сүймейді. «Алла (Т.) ға құлшылық қылыңдар. Оған еш нәрсені ортақ қоспаңдар. Және әке-шешеге, жақындарға, жетімдерге, міскіндерге, жақын көршіге, бөгде көршіге, жан жолдасқа, жолда қалғандарға және қол астындағыларға жақсылық қылыңдар. Негізінен Алла, тәкаппар, мақтаншақты жақсы көрмейді» (4:36). «Адамдарға паңсып, қырындама да жерде кердеңдеп, жүрме. Расында Алла, бүкіл дандайсыған мақтаншақты жақсы көрмейді» (31:18). «Дау жоқ! Алла, олардың жасырғандарын көрнеу істегендерін біледі. Расында Алла өзін жоғары санағандарды жақсы көрмейді» (16:23).

5. Алла әділетсіздерді сүймейді. Алла өзгелердің құқығына шек қойып, әділетсіз болатындарды сүймейді: «Және сондай иман келтіріп, ізгі іс істегендер, сондай олардың сыйлықтары толық беріледі. Алла залымдарды жақсы көрмейді» (3:57). «Сендер (Ұхытта) жараланған болсаңдар, әрине (Бәдірде) ол ел де, сол құсап жараланған болатын. Осы күндерді адамдардың араларында айналдырамыз. Өстіп Аллаға сенушілерді анықтау және сендерден шәйіт алу үшін… Алла залымдарды сүймейді» (3:140). «Бір жамандықтың жазасы өзіндей ғана жамандық. Сонда кім кешірім етіп, жарасса; онда оның сыйлығы Аллаға тән. Күдіксіз Ол, залымдарды жақсы көрмейді» (42:40).

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: