ҚАБІРДЕ ҚАЛҚАН БОЛҒАН "МҮЛІК" СҮРЕСІ

ҚАБІРДЕ ҚАЛҚАН БОЛҒАН "МҮЛІК" СҮРЕСІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Құран Алланың сөзі, Алланың сөзі екендігіне барлық мұсылмандар сеніп иман келтіреді. Құранда 114 сүре болса, әр сүренің өзіндік қасиеттері мен ерекшеліктері бар. Мұсылман адам құранды оқып, әрбір аятына мән беріп оған амал жасайтын болса сөзсіз екі дүниедеде бақытқа жетушілерден болады.

Өмір бар жерде өлім бар дегендей адамның бойына қорқыныш ұялататын бұл өлімнен ешбір жан иесі қашып құтыла алмайтындығы анық. Дүниеден озған адамның ақыреттегі ақуалы қиын болмаса жеңіл болмайтындығы әубастан ақ белгілі. Ақырет баспалдағының басты қадамы  қабірдегі қос періште Мүңкәр мен Нәкірдің сұрағымен басталмақ. Осы сұрақ-жауап өткелінен сүрінбей өткен  адам  қалған кезеңдерден де жеңіл, қиындықсыз өтеді.  

Пайғамбрымыз (с.а.у) былай дейді:

"Құран кәрімде 33 аяттан тұратын бір сүре бар, оқыған адамға шапағатшы болады, кешіріміне себеп болады. Ол Тәбарәкәл-ләзи би-йадихил-мүлк. (Мүлк сүресі)". (Тирмизи). Осы сүрені тірі кезінде адам жаттап немесе үнемі оқып жүретін болса, қабіри қиындығынан аман өтпек.

Ибн Аббас (р.а) былай деген:

"Саған сені қуантатын нәрседен хабар берейін бе? Тәбарәкә сүресән оқы, жатта, отбасыңа, балаңа, кішкене балаларыңа, көршілеріңе үйрет. Өйткені бұл сүре мүнжийә (қабыр азабынан құтқарушы). Ол мүжәдилә (күресуші), қиямет күні өзін оқыған адам үшін Раббының құзырында (кешірімі үшін) күреседі. Бұл сүрені жаттаған болса, ол адамның жаһаннамнан құтқарылуын Раббынан сұрайды. Құдыретті Алла бұл сүренің себебімен адамды қабір азабынан құтқарады".

Ибн Аббастан (р.а) былай риуаят болған:

Сахабалардың бірі білмей шатырын қабір үстіне тігеді. Жерленген адамның қабірінде Тәбарәкә (Мүлк) сүресін бастан-аяқ оқығанын естиді. Сахаба Пайғамбарымыздың (с.а.у) алдына барып естіген нәрсесін айтады. Сонда Алла елшісі (с.а.у) айтады: "Ол (Мүлк сүресі) - бөгет; оқығанға азапты жібермейді. Мүнжийә оқығанды қабір азабынан құтқарады".

Құрметті мұсылман бауырлар ақыреттік азықты осы өмірде рухани қоржынымызға жинап, толтырып алайық. Ақырет сапары шексіз ұзақ...

 Рысбай Асылбекұлы 

 Мойынқұм ауданының бас имамы

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: