Астанада кәсіпкерлер кальянға салынған тыйымның күшін жоюды талап етті

Астанада кәсіпкерлер кальянға салынған тыйымның күшін жоюды талап етті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Кальян төңірегіндегі дау толастар емес. Астанада кәсіпкерлер қорқорды шегуге тыйым салатын қаулының күшін жоюды тағы сұрады деп хабарлайды КТК арнасы.

Айтуларынша, еліміздің бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қабылдаған осы шешім заңға қайшы екен. Бизнесінің қамын күйттеген кәсіпкерлер осыны желеу етіп Бас прокуратураға да арызданып қойған.

Кейін сот арқылы кальянға қойылған шектеуді алдыртып тастамақ. Бұдан бөлек, осы қорқордың төңірегінде қордаланған мәселені шешудің де оңтайлы жолдарын ұсынды. Яғни, ең бастысы тазалықты сақтау үшін санитарлық нормаларды енгізу керек.

Осы орайда кәсіпкерлер әр адам жеке қолданатындай кальянның бір реттік трубкаларын алдыртуға дайын.

Қорқор тартуға екі жыл бұрын тыйым салынған болатын. Себебі, санэпидемиологтар кальянға тексеру жүргізгенде адам ағзасына қауіпті 8 аурудың белгілерін анықтаған.

Десе де тыйым заңмен бекітілмегендіктен, ресторандарда жұрт қорқордың түтініне әлі тұншығып жүр.

hibatulla.kz 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: