Сидней қаласының мұсылмандары өздерінің телестудияларын ашты. Оған жұмсалған қаражат көлемі $ 1 000 000 құрады.
Телестудияны ашудағы басты мақсат әлемдегі барлық бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдағы Ислам туралы дұрыс пікір қалыптастыруына ықпал жасау.
«Қазіргі уақытта мұсылман жамағаты қоғам тарапынан қатты қысым көріп отыр. Өкінішке орай, БАҚ біз туралы, яғни, мұсылмандар мен Ислам туралы ақпараттарды дұрыс жеткізбейді», - дейді студия басшысы Малаз Маджанни (Malaz Majanni).
Сидней мұсылмандарының арнасы YouTube-та «One Path Network» деген атаумен аталады. Арнадағы материалдар жергілікті шейхтардың Ислам ілімі туралы ақпараттарымен толығып отырады.
Студия басшысы Маджаннидің айтуынша, аталмыш телестудия қайырымдылықтан жиналған қаражат пен демеушілерден түскен қаражат негізінде ашылып отыр.
Телестудия жобасының ашылуына көптеген әйгілі мұсылман тұлғалар, Австралия мүфтиі Ибрагим Абу Мұхаммед (Ibrahim Abu Mohamed) және Гриффит Университетінің профессоры Мохамад Абдалла (Mohamad Abdalla) сынды тұлғалар да өз қолдауларын білдіріп, көмек көрсеткен.
«One Path Network» студиясының мақсаты мұсылман және мұсылман емес елдерге Исламға қатысты шынай ақпараттарды тарату.
hibatulla.kz
Сайт материалын қолданғанда сілтеме көрсетуіңіз міндетті