Ирак әскерилері Баакубада әйел болып киінген ИСИМ-нің 20 содырын қолға түсірді, деп хабарлайды Bnews.kz.
Лаңкестер әйелдің киімін киіп, беті-аузын опа-далаппен бояп алғанымен сақал-мұрттарын қыруды ұмытып кетіпті.
Қазіргі кезде полицейлер оларды қамауға алып, тергеуге кірісті. Жергілікті басылымдардың хабарлауынша, 11 наурызда Тикритке басып кірген Ирак әскерінің қарқынынан шошыған лаңкестер қақтығыстан қашу үшін әйел болып киінуден басқа амалдары қалмаған көрінеді.
hibatulla.kz