#Меркі ауданы: Құрбан айттық сыйлық табысталды

#Меркі ауданы: Құрбан айттық сыйлық табысталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданы, Қызылқыстақ ауылы «Әл-Кәрим» мешіті жамағатының ұйымдастыруымен 5 уақыт намазға мешітке келуші ағаларымызға сыйлықтар табысталды.

Мешітте намаз оқудың сауабы жеке оқылған намазға қарағанда 27 есе артық сауап болады. Осы сауапты алғысы келіп, белгілі бір себептер болмаса, себепсіз мешіттен қалмай келіп жүрген ағаларымызға қасиетті Қағба бейнеленген кілемдер мен «Қажылықта атқарылатын амалдар мен дұғалар» атты кітапша сыйлыққа тартылды. Ағаларымыз үнемі дұғаларына қосып, қажылық құлшылығын сұрап Аллаға жалбарынады. Осы ниетке кішкене ғана қадам болсын, шаңырағында, көз алдыларында осы қасиетті мекенге деген сағыныштарын алдағы уақытта мақсатқа айналдырып, еске салып тұрсын, деп  сыйлық тарту етілді.

Алла Тағала ағаларымыздың дұға-тілектерін қабыл етіп, болашақта парыз болған қажылық құлшылығын орындауларын нәсіп етсін.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: