"Һибатулла Тарази" медресе-колледжінің шәкірттері диплом алды

"Һибатулла Тарази" медресе-колледжінің шәкірттері диплом алды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

"Һибатулла Тарази" медресе-колледжінің түлектеріне диплом табыстау рәсімі өтті. Салтанатты шараға ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы, аталған оқу орнының директоры Бейбіт Әліпбекұлы мен ұстаздар қауымы қатысты. 

Құттықтау сөз сөйлеген бас имам  шәкірттерге білімнің маңызы және еліміздегі діни ахуал жайында сөз қозғап, оларды жан-жақты сауатты, ағайынға қамқор, елге тұтқа болатын, білікті болуға шақырды. Ал, ұстаздар білімнің маңызы мен оның жемісі жайлы тілге тиек етіп, маман болып қызмет жасауға сәттілік тіледі.

2011 жылы ашылған «Һибатулла Тарази» медресе-колледжі биыл өзінің тоғызыншы түлектерін ұшырып отыр. Жас мамандардың саны 8 болса, оның 4-і қызылға, 4-і көк дипломға оқуын тамамдады. 

Шәкірттердің кейбірі  білімдерін ЖОО-да жалғастырмақ, ал қалған шәкірттер мешіттерде имамдық, ұстаздық қызметті қолға алуды мақсат тұтып отыр. Көпшілік ұстаздармен дастархан басында бас қосып, жылы лебіздерін білдіріп, ұстаздарының батасын алды. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: