80 қыз бала жаздық сауат ашу курсында білім алды

80 қыз бала жаздық сауат ашу курсында білім алды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Жамбыл облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінде "Имани жаз - 2023" Жаздық сауат ашу курсының шәкірттеріне сертификаттар табысталды. Бір айға созылған курста ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша Әйел-қыздар секторының өкілі Жазира Иманалиева бастаған ұстаздар дәріс жүргізді. 

Облыстық мешітте қыздар бөлімі бойынша 80 қыз қатысып, жас ерекшелігі бойынша 3 топқа бөлініп сабақ алды. Оқушыларға иман, ислам негіздері, әдеп, ислам тарихы, Құран әліппесі пәндерінен ілім берілді.

Қорытынды шараға "Һибатулла Тарази" медресе-колледжінің директорының орынасары Азамат Абдирахманов қатысып, балдырғандарға сертификаттарды табыстады. 

Мешіттен білім алып қана қоймай Алла жолында адал дос болар құрбы тапқан қыздар қимай қоштасып, ұстаздарына алғыстарын айтты. Мешіт ұстазы Жібек Қолағұлова ата-аналар қауымына қыз баласының білімді, иманды болуы ұлт тәрбиесіндегі маңыз берер дүние екенін тілге тиек етіп, бастамаларын қолдады.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА 

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: