#Меркі ауданы: Ауылдағы алғашқы «Құрбан айт» намазы

#Меркі ауданы: Ауылдағы алғашқы «Құрбан айт» намазы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданы, Қызылқыстақ ауылының тұрғындары алғаш рет өз ауылдарындағы мешітте қасиетті «Құрбан айт» намазын оқыды. Ауыл мешіті өткен жылдың аяғында ашылып, алғаш рет «Құрбан айт» намазы жамағатпен оқылды. Айт намазынан кейін қасиетті Құран аяттары оқылып, дүниеден өткендерге дұға жасалды.

Намаз соңында Алланың осыншама нығметі үшін шүкіршілік етіп, ауыл тұрғындары 1 бұқаны құрбандыққа шалды. Оның еті 25-ке бөлініп, ауыл тұрғындарына таратылды. Ауыл ағалары демеушілік етіп 5 отбасыға 25 келілік ұн үй-үйге жеткізіліп берілді.

Көмек алған отбасылар ауыл тұрғындарына өз алғытарын білдіріп, ризашылықтарын жеткізді.

Алла қаласа Құрбан айттың 3-ші күні ауыл ақсақалдары мен ақжаулықты аналарымызға ақ дастархан жайылып, жастар арасында ұлттық спорт түрлерінен жарыс ұйымдастырып, бүлдіршіндерге айттың құрметіне балмұздақ тарату жоспарлануда. Барша ауыл тұрғындарын айттық ақ дастарханнан дәм татуға шақырамыз!

Айта кетейік, ауыл ағаларының демеушілігімен арапа күні 5 отбасыға айттық көңіл күй сыйлау үшін айттық қоржындар таратылған болатын.

Алла Тағала құрбандық шалып жатқан, және де ауыл тұрғындарына өз көмектерін беріп жатқан ағаларымыздың ниеттерін қабыл етіп, еселеп сауаптардан жазғай!

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: