Адамдардың ұйқыдан гөрі ұялы телефонға көп уақыт бөлетіні дәлелденді

Адамдардың ұйқыдан гөрі ұялы телефонға көп уақыт бөлетіні дәлелденді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Silentnight компаниясы жүргізген сауалнама көрсеткендей, адамдар электрондық құрылғымен тәулігіне 8 сағат 41 минут өткізеді. Ал ұйқыға 8 сағат 21 минут жұмсайды, деп хабарлайды 24.kz арнасы.

Жауап берушілердің 81%-ы түнде ұйықтар алдында гаджеттерін сөндірмейді екен. Ал ұйықтап жатып, қалта телефонының дыбысынан оянған 10 адамның төртеуі кім хабарласқанын білу үшін оны ақтарып көреді.

Тіпті бұрынғыдай емес, таңертең тұра сала айнаға қарайтындардың саны біраз кеміп, тек 32 пайызды құраса, электронды почтаны тексеріп, ғаламторға кіретіндер саны 51%-ға дейін артқан.

Ал өз денсаулығын ойлап, таңғы асты ішетіндер жауап берушілердің тек 18 пайызын құрапты. Денсаулық демекші, ұйқының жетіспеушілігі иммундық жүйені әлсіретеді. Соның салдарынан адамның диабетке, түрлі жүрек ауруларына шалдығу қаупі бірнеше есе артады.

"Ғаламторда тым ұзақ отыру адамның жадысын толтырып, оның есте сақтау қабілеті де нашарлайды", - дейді дәрігерлер.


hibatulla.kz 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: