#Жамбыл: Құрбан айт мейрамы өткізілуде

#Жамбыл: Құрбан айт мейрамы өткізілуде

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінде қасиетті Құрбан айт мейрамына арналған арнайы іс-шара ұйымдастырылды. Аталмыш іс-шарада қазақтың ұлттық ойындары ойнатылып, ақ дастархан жайылып дәмнен ауыз тиілді.

Арқан тартыс, асық ату, ләңгі тегу, қол күрес сынды сайыстардан жеңіске жеткен жамағаттарға ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы арнайы сыйлықтар мен дипломдар табыс етті. Сонымен қатар, мешіт жанынан қазақтың киіз үйі тігіліп, дастархан жайылған болатын. Қасиетті Құрбан айт мейрамының құрметіне жасалып жатқан іс-шараға ауданнның ақсақалдары мен құрметті азаматтары, мешіт жамағаты қатысты.

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі  

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: