#Байзақ: МЕШІТ ЖАМАҒАТЫНА АУЫЗАШАР БЕРІЛДІ

#Байзақ: МЕШІТ ЖАМАҒАТЫНА АУЫЗАШАР БЕРІЛДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінің ұжымы ұйымдастыруымен мешіт жамағатына ауызашар берілді. Ауызашар дастарханына «Байзақ баба» мешітінің наиб имамы Мухит Ермаханұлы қатысып «Арафа күні дұға жасаудың артықшылығы» жайында насихат айтты.

Насихат барысында Мухит Ермаханұлы: «Арафа – Алланың ант еткен он күннің бірі. Алла Тағала Құранда осы он күнге ант етіп: وَلَيَالٍ عَشْرٍ «Он түнмен ант етемін» деді. Ибн Аббас (оған Алла разы болсын) бұл он күн Зул-хиджаның он күні дегені жетті. Ибн Касир (оған Алла разы болсын) бұл риуаяттың дұрыс екенін айтқан. Арафа күні амалдары өзге күндерге қарағанда ерекше сауапқа қол жеткізетін он күнге кіретін күн. Бұл туралы Имам Бухари мына хадисті жеткізеді: «Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): Алла Тағалаға бұл күндерде істелген ізгі амалдан жақсырақ амалдар жоқ»-дейді. Сахабалар: «Уа, Алланың Елшісі! Алла жолындағы күрес те ме?»-деп сұрайды. Алланың Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Алла жолында күрес те тең келмейді, тек жанымен, малымен жорыққа шығып оның ешбірімен кері қайтпаған адам ғана басқаша»-деп жауап берді», - деді.

Ауызашар дастарханы соныңда құран аяттары оқылып елдің амандығы үшін дұға жасалды

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: