Жамбыл облысы Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінің наиб имамы Мухит Ермаханұлы мешіт жамағатына «Арафа күнің оразасын ұстаудың артықшылықтары» жайында насихат айтты.
Насихат барысында Мухит Ермаханұлы: «Арапа күні ораза ұстау – сүннет, қасиетті күні орындалатын ең ізгі амал саналады. Хадистерде Арапа күні ораза тұтудың сауабы мол және күнәларымыз кешірілетіні жайлы айтылған. Сол себепті қажылыққа бармаған әрбір мұсылман Арапа күні ораза ұстап, нәпіл намаздар оқып, Алладан дұға тілегені абзал.
Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Арапа күні ораза тұтушыға Адам пайғамбардан (яғни алғашқы адамнан) қиямет сырнайы үрленгенге дейін, өмір сүрген бүкіл адамдар санының екі есесіндей сауап жазылады», - деді.



22 Маусым 2026
6 Мухаррам 1448

